Талғар тұрғыны интернат ғимаратынан шыңғырып жылаған баланың дауысын естіп, видеоға түсіріп алған

Сурет: pixabay
Талғардағы мүгедек балаларға арналған интернат маңынан өтіп бара жатқандар айқай мен шапалақ тәрізді дыбыстар естілетін видео түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қарашада түсілген болуы мүмкін видео әлеуметтік желілерде тарады.

"Есту қабілетіміз алдамаса, 20-секундта "Қазір басыңды жарам" дегенді естуге болады", - делінген жазбада.

Дәл осы жазбаға Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір жазған. Ол полицейлер видеороликті қарап, мәселенің басын ашатынына уәде берді. 

"Мән-жайды анықтау Талғар аудандық ПБ қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысын Алматы облысының полиция департаменті бақылауға алады. Ескерткендеріңізге рақмет. Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды