Түркістан олысының тұрғыны үйінде 10 келі есірткі ұстаған

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері арнайы жедел-іздестіру шаралары аясында күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Оның үйіне тінту жүргізу кезінде үш полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Полицейлер күдікке ілінген ер адамнан жауап алу барысында маңызды ақпаратты анықтады.

Ол есірткіні Келес ауданындағы танысынан алғанын. Аталмыш ақпарат негізінде жедел уәкілдер бірден әрекет етті. Полицейлер келестік тұрғынның үйіне кезек күттірмейтін тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ер адамнан есірткіге ұқсас заты бар бес полиэтилен пакет пен бір қапты тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Табылған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде ол 10 келіге жуық марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы “Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді