Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған.
"Жанжал барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ жарақатын салған. Оқиға салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды". Polisia.kz
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды.
Айта кетейік, БАҚ Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы хабар таратты.
Онда Қарабұлақ ауылы әкімдігі оқиғаны растағанын, алайда мән-жайын ашып айтпағанын жазған.
"Сізге ақпарат беретін адам жоқ. Мұнда екі-ақ адам жұмыс істейді. Бірі әкім, екіншісі маман. Әкімге қатысты ақпаратты естіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын нақты білмеймін. Жалпы ауылда негізі 500 адам тұрады", - деп жауап берген Қарабұлақ ауылы әкімдігінің өкілі.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әкім пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқан. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.