Тоғыз айлық қызы мен әйелін өлтіріп, Ресейде жүрген Атбасар тұрғыны ұсталды

Сурет: pixabay
Екі адамды, әйелі мен қызын өлтірген Атбасар тұрғынының қылмысы төрт жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, күдікті 2018 жылы тоғыз айлық қызын өлтіріп, денесін құдыққа жасырған. Ал екі жылдан кейін сол қылмысын біліп қойған әйелін де өлтіріп, Ресейге қашып кеткен.  

Сол жылы ақпанда құбыр жөндеп жүрген жұмысшылар құдықтан шүберекке оралып қапшыққа салынған сәбидің денесін тауып алған. Полиция баланың анасын жер-көктен іздеп таппаған. Тек екі жылдан кейін әйелдің де денесі жалдамалы пәтерде кілемге оралған күйі табылған.

Елена Халдееваны күйеуі 13 жерінен пышақтаған. Денесін сараптамадан өткізген соң қылмыс әшкереленді. 29 жастағы күдікті кейін Қазан қаласында ұсталды. Кінәсін толық мойындаған. 

"Қылмыс жасағаннан кейін бірден көрші мемлекетке қашып кеткен. 2020 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланды. ҚР ҚК 186-бабымен қылмыстық іс материалдары қылмыстық қудалауды одан әрі жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясының бас прокуратурасына жіберілді".Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды