Қызылорда облысында үш көлік бірдей жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында Қызылорда –Теренөзек тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 желтоқсанда Қызылорда облысының  Теренөзек-Қызылорда тас жолының  60/31 шақырымында КамАЗ бен жанар-жағармай тасушы көліктері соқтығысқан кезде ішінде бес адамы бар тағы бір  жеңіл көлік зардап шеккен. Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тірі қалған біреуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.


Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеліп соғуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қолға алынды.


Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін