Павлодарда халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Павлодар полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматын ұстады. Оған тонау, ауыр дене жарақатын келтіру, бопсалау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін іздеу салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, 2020 жылы Германия азаматы өз Отанында Дрезден жергілікті соты 5,3 жылға бас бостандығынан айырған. 35 жастағы ер адам 2022 жылдың наурыз айында неміс төлқұжатын пайдалана отырып Астана қаласына ұшып келіп, қыркүйек айында Павлодарға келген.

2022 жылдың 22 қарашасында ер адамға Германия Федеративтік Республикасы халықаралық іздеу жариялады.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыскерді Павлодар жедел уәкілдері ҚР ІІМ интерполымен бірлесіп ұстады. Ол Павлодар қаласы УҰИ-ға қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Капаров.
Германия
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды