Атырау полицейлері ірі көлемде есірткі сақтаған өзге өңір тұрғындарын анықтады

Сурет: polisia.kz
Атырау облысында синтетикалық есірткінің жеткізілуіне жол бермеу мақсатында Атырау облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыс аумағында есірткіні заңсыз таратумен айналысқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 желтоқсан күні қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін Семейден Атырауға келген 18 жастағы қыз бен 20 жастағы жігіт ұсталды.

"Жалға алынған пәтерлердің бірінен тінту кезінде жалпы салмағы 360 грамм синтетикалық есірткі заттары, сонымен бірге көптеген Z-пакет, электрон таразылар және басқа да құрылғылар табылып, тәркіленді. Сонымен бірге күдіктілер жалпы салмағы 45 грамм синтетикалық есірткіні сақтаған 6 орынды көрсеткен". Polisia.kz

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабы бойынша жариянбайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған