Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 15:08 Фото: akorda.kz
Қазақстанда 2023-2025 жылдар аралығында 3 168 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, анықталған құқық бұзушылықтардың 2 165-ін мемлекеттік қызметшілер жасаған. Қалған жағдайлар басқа тұлғаларға, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне қатысты.

Президент сыбайлас жемқорлық ахуалының күрделі екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл саладағы мәселелерді жасыруға болмайды, ал жемқорлықпен күрес шаралары туралы халыққа ашық ақпарат берілуі керек.

"Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы биылғы жылдың алғашқы он айында 751 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелгенін айтты. Оның 546-сын мемлекеттік қызметшілер, 205-ін өзге тұлғалар, соның ішінде квазимемлекеттік сектор өкілдері жасаған.

Тоқаев түрлі деңгейдегі басшыларға қатысты жымқыру фактілерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Бас прокуратурамен бірлесіп тексеретінін атап өтті.

Президент заң алдында барлығы тең екенін еске салып, құқық бұзушыларды "өзіміздікі" және "өзіміздікі емес" деп бөлуге жол берілмейтінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: