"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pexels
Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 14 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қарағандыда 14 қарашада күндіз көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 14 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Қонаевта 14 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде 14 қарашада түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таразда да 14 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Атырауда 14 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда 14 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады , ал облыстың шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда 14 қарашада тұман түсетіні болжанады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 14 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 14 қарашада түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын болады деп күтіледі. Көктайғақ болатыны да болжанады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтауда 14 қарашада түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 14-15 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Көкшетауда 14 қарашада көктайғақ болатыны болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.