Талдықорған – Үштөбе тас жолындағы апат: екі адам қаза тауып, бес адам зардап шекті

Сурет: видеодан алынды
2023 жылдың 4 қаңтарында Талдықорған – Үштөбе тас жолының 5-ші шақырымында Toyota Windom мен Toyota Sienna көліктері соқтығысты. Оқиға орнында екі әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына түскен көліктердің бірінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.  

"Оқиға орнында Toyota Windom-дағы екі жолаушы, яғни 75 және 34 жастағы екі әйел қаза тапты. Екі жүргізуші, одан бөлек тағы үш адам Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілді". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


Құзырлы ведомство жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу қолға алынғанын атап өтті.

Облыстық ПД жүргізушілерге "көлік құралдарын басқару кезінде аса сақ болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмауды еске салады. 


Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз