Желідегі видео: Жолдың қарама-қарсы бетіне атып шыққан автобусқа айыппұл салынады

Әлеуметтік желіде 2023 жылдың 9 қаңтарында шағын автобус келе жатып, жолдың қарама-қарсы бетіне атып шығады, салдарынан жанында баласы бар отбасы мінген көлік одан қашамын деп кюветке ұшып кете жаздағаны жайлы видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы ilove_oskemen парақшасында жарияланған видео сипаттамасында аталған оқиға Ершовка-Көкшетау тас жолында орын алғаны айтылады.

"Видео авторы дөрекі жүргізушіні қуып жетіп, одан неге бұлай істегенін сұрамақшы болады, бірақ ол оның өзіне тап берді. Міне, осындайлардың кесірінен жолда кісі өлімі орын алып жатады. Ақмола облысы ПД-дан шағын автобус жүргізушісіне айыппұл салуды сұраймыз", делінген хабарламада.

Өз кезегінде облыстық полиция департаменті 8 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін 150 автокөліктен тұратын колоннаны алып жүргенін хабарлады.


"Toyota Alphard маркалы автокөліктің жүргізушісі колоннаның қатысушысы бола отырып, басып озу маневрін жасап, төтенше жағдай туғызды. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды ("Жол жүрісіне қатысушының апаттық жағдай туғызу арқылы жол жүрісі қағидаларын бұзуы"). Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: