Атырау полицейлері екі шетелдіктен синтетикалық есірткі тәркіледі

Сурет: polisia.kz
9 қаңтарда Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1 келіге жуық синтетикалық есірткі затын сақтаған Қырғызстанның 2000 және 2002 жылы туған азаматтарын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілердің айтуынша, олар есірткі затын такси арқылы Шымкенттен тасымалдап әкеліп, интернет арқылы сатпақ болған. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамалды.

Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

"Аталған дерек бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін