Қазақстан қылмыстық сот төрелігінің деңгейі бойынша рейтингінде 62-орында

Қылмыстық сот төрелігінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 62-орынға ие болды. Қазақстандағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың төрттен үш бөлігін меншікке қарсы құқық бұзушылықтар алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық сот төрелігі деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 2022 жылы әлемдегі 140 орынның ішінде 62-орынға ие болды. Елдің индексі - 0,47. Бұл - рейтингке қатысушы ТМД елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш.

Өзбекстан – 65, Беларусь – 76, Молдова – 85, Украина – 93, Қырғызстан – 114, Ресей – 123-орында болды. Рейтингті Еуропа елдері бастады - Норвегия, Финляндия және Дания. Ал тізім Венесуэламен аяқталды.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 149,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен бірдей. Оның 63,6 мыңы орташа ауырлықтағы, 41,4 мыңы ауыр, 21,9 мыңы жеңіл дәрежедегі, 2,1 мыңы ерекше ауыр дәрежедегі жағдай. Тағы 20,4 мың іс теріс қылықпен байланысты.

Өңірлік тұрғыда қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелген: 32,9 мың оқиға, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 29,4% артық. Алғашқы үштікке Астана (15,9 мың жағдай, плюс 5,1%) және Алматы облысы (11,9 мың жағдай, минус 13%) кірді. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

Құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған өңірлер – Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді деп болжанды.

Барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі меншікке қарсы құқық бұзушылық саласында тіркелді: Қазақстан бойынша 76,5% немесе 114,3 мың іс (плюс жылына 3,1%).

"Танымалдардың" қатарында жеке тұлғаға қарсы қылмыстар (7 мың жағдай – бір жыл бұрынғыдан 12,2% аз) және халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар (6,7 мың жағдай, жылына минус 8,6%) болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: