Атырау полицейлері бал өнімін заңсыз дайындаған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
15 қаңтар күні Атырау қалалық полиция басқармасының №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне Орталық ықшам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатыны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша учаскелік полиция қызметкерлері келіп, пәтер ішін тексеру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны заңсыз бал өнімдерін жасап, сауда орындарына сатып жүргенін анықтаған.

"35 жастағы азаматтың жалдамалы пәтер ішінде санитарлық талаптарды сақтамай, пәтердің едені мен жуынатын бөлмесінде бал өнімдерін дайындап және бұл кәсіппен тиісті кәсіпкерлік рұқсат құжаттарсыз айналысып жатқандығы белгілі болды", - делінген polisia.kz хабарламасында.

Аталған оқиға бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі