Семейде сабаққа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған оқушы іздестіріліп жатыр

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Абай облысында 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 07.40 шамасында 8-сынып оқушысы мектепке кетіп, қазіргі уақытқа дейін үйіне оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы Полиция департаменті облыс орталығы тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткен 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын іздеуге жәрдемдесуді өтінеді.

Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 07.40 шамасында үйінен мектеп бағытына шығып, қазіргі уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Сыртқы белгілері: 12 жаста, бойы - 140 см, арық денелі, шашы - қара.

Үстіндегі киімі: капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектеп), қара түсті етік, көк түсті бас киім.

"Егер көрсетілген фотосуреттегі жасөспірімнің орналасқан жерін білген адам болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі