Абай облысында жоғалып кеткен оқушы табылды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 17 қаңтарда таңертең Семейде сабаққа кеткен 8-сынып оқушысы сол күйі үйіне оралмағаны, оған іздеу жарияланғаны хабарланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 13 жасар ұлын іздеуге көмектесуді сұрады. Оның айтуынша, бала үйден сағат 07:40-та мектепке қарай жол тартқан.

"Дабыл белгісі бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы аяғынан тік тұрғызылды. Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратқа ие болуы ықтимал таныстар мен куәгерлерден жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді, әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізді. Іздеу барысында полиция қызметкері Мичурин көшесінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы тауып, оны анасына тапсырды".Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Оның үйінен кету себебі анықталу үстінде. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды