Қазақстан шекарасында ресейлік азамат ұсталды

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстан шекарасынан өтпек болған кезінде 41 жастағы ресейлік әйел ұсталды. Әйелге іздеу жарияланғанына алты айға жуық уақыт болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полициясының баспасөз қызметі Ресей азаматының ұсталғаны туралы хабарлады. Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйегінен бастап жалдаған пәтерді тонаған деген айыпқа байланысты құқық қорғау органдарынан жасырынып келген. 

Келтірілген залал сомасы 15 000 рубльге (100 мың теңгеге жуық) бағаланады, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура органдарымен бірлесіп оны экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді