Алматыда өз-өзін тілгілеген көлік тонаушысына қатысты жаңа деректер белгілі болды

Алматы қалалық ПД полиция қызметкерлерінің көз алдында кеңсе пышағымен өзін тілгілеген көлік тонаушысына қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция атап өткендей, сол күнгі оқиғаны мына тізбек сатысымен сипаттауға болады: ұрлау, қудалау, суицид әрекеті.

Белгілі бір компанияның сауда өкілі өтінімді рәсімдеу үшін Яссауи көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан дүкенге кіріп кетеді.

Бір кезде ол өз көлігіне белгісіз бір адамның жақындап келіп, ұрламақ болған сәтіне куә болады. Ер адам қалтасынан телефонын алып шығып, оны видеоға түсіре бастайды. Ол өзін видеоға түсіріп жатқанын байқап, кеңсе пышағын алып шығып, өз-өзіне қол саламын деп қорқытады, сөйтіп тұрақ орнынан ізін суытқан.

Жас жігіт бірнеше квартал бойы ұрының ізіне түсіп, қуып жетеді. 

Сол кезде қолында пышағы бар адам алдымен көшеде тұрған көліктің есігін ашуға тырысады, бірақ іштегі жүргізуші есікті тарс жауып үлгеріп, оған мұрша бермейді. Тағы қашуға бет алған ер адам өз қарнын жалаңаштап, оған пышақ тақайды. 

Полиция тағы жаңа фактілерді алға тартты. Ол көшеде тұрған көліктердің бірінің артқы есігінің тұтқасын тартып, орындыққа жайғасқан соң жүргізушінің тамағына пышақ тақаған, оны жүруге мәжбүрлеген. Салдарынан бұл оқиға жол апатымен тынды. 

Жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суыту кезінде ол өзіне бірнеше кесік түрінде пышақ жарақатын салған.

Күдікті неге бұлай істеді, мұны енді тергеушілер анықтайтын болады. Ер адамға бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылады.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: