Елордада мас жүргізуші полицияға өз-өзін ұстап берді

Сурет: Zakon.kz
Астанада түнде мас жүргізуші жолдың ортасына тоқтаған күйі рөлді құшақтап ұйықтап қалған. Аталған Kia Carens көлігі полицейлердің күдігін туғызған. Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды". Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков

Еске сала кетсек, жүргізушілердің көлікті жүргізу тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында елордада полиция қызметкерлері апта сайын “Мас жүргізуші – қылмыскер!” атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбековтың айтуынша, полицейлер жыл басынан бері 139 мас жүргізушіні анықтаған, оның ішінде 9 жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді