Шетелдік автокөліктерді заңдастыру: 32 066 өтінім мақұлданып, 8 670 адам жаңа нөмір алды

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аясында бір күн ішінде тағы 2 мыңнан аса қазақстандық өз көліктерін сәтті заңдастырып, құжаттары мен нөмірлерін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 32 066 азаматтың өтінімі мақұлданды. 8 670 қазақстандық өз көліктерін сәтті заңдастырып, құжаттары мен нөмірлерін алды". ҚР ІІМ

Айта кетсек, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 23 қаңтарда басталды. Бұл - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл жеңілдікті жеңіл автомобильдер, шағын, орта автобустар (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдері (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде рөлі оң жақта орналасқан автомобильдер иесі пайдалана алады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: