Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласы мен Қарағанды облысының 50 және 55 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар пойыз ішінде алкогольдік ішімдік ішіп, басқа бір жолаушыға балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.
"Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, олар “жеңіл және орташа дәрежелі” масаң күйде болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы және 434-бабы бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды". ҚР ІІМ
Сондай-ақ материалдар сотқа жолданды.
Айта кетейік, құқық бұзған жолаушы әйелдердің бірі алкогольдік ішімдік тұтыну және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.