Талдықорғанда жасөспірім кәмелетке толмаған баланы зорлап әрі оны видеоға түсірген

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген видео жарияланды. Полиция аталған жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорған қаласының полициясы видеода көрсетілген тұлғаларды анықтады. Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты.

Видеода тіркелген оқиғаның 2022 жылдың желтоқсан айында орын алғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі.

"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі, яғни "Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.


Талдықорған
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды