ІІМ шетелден әкелген көлігін заңдастыра алмай жүргендерді сабырға шақырды

ҚР ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелден әкелген көлігін заңдастыра алмай жүрген азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде 35 мың азаматтың өтініші мақұлданып, сонымен қатар 15 мың азамат өздерінің көлік құралын мемлекеттік есепке тіркеді, бірақ кейбір азаматтарымыз өздерінің көлік құралдарын тіркей алмай, наразылық білдіріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеге дейін жалғасады. Өтініші мақұлданбаған азаматтарды сабырға шақырамыз. Әрбір өтініш жеке әрі мұқият қарастырылып жатыр. Осы мәселені шешу бойынша басқа да мемлекеттік органдармен және шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстар атқаралып жатыр. Атап айтсақ, көлік құралын басқа елден тіркеуден шығару, кедендік тазартудан өтпеген және ешқандай мемлекетте есепте тұрмаған, яғни қосалқы бөлшектер болып кірген көліктер бойынша нақты шешім қабылданады.Қайсар Сұлтанбаев

Еске салайық, Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктер заңдастыру басталды. Бұл үшін

Көлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген болуы керек, криминалдық есепте болмауға тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. 

Өтініш беру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: