Атыраулық бойжеткен Facebook-те өзі туралы жарияланған жазбаға қатысты сотқа жүгінді

Сурет: pixabay
Facebook қолданушыларының бірі өз парақшасында Атырау тұрғынына қатысты жалған ақпаратты қамтитын жазба жариялады. Салдарынан үлкен дау туып, ақыры іс сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған даулы істі Қызылқоға аудандық соты қарады.

Facebook қолданушысының өз парақшасында қыздың ар-намысына тиіп, көпшілік алдында қадір-қасиетін кетіріп, қорлағаны, сондай-ақ ол туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы.

Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы, яғни "Қорлау" бойынша айып тағылды.

Алайда, тараптар сот залынан тыс келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара ымыраға келе алды. 

Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді