Тараз тұрғындары тест орталығының қызметкерімен деген алаяққа сеніп, 1 млн теңгеден айырылды

Сурет: polisia.kz
Тараз қаласының тұрғындары тест орталығының қызметкерімен деп өзін таныстырған алаяққа 1 млн теңге ұстатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының тұрғындары белгісіз ер адамның тест қабылдау орталығында мемлекеттік тесттен өтуге көмектесемін деп, сенімдеріне кіру арқылы қомақты қаржыларын иемденіп кеткені туралы арызданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн теңгені құрайды.


"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсын толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Ол жәбірленушілерге өзін қаладағы тест орталықтарының бірінде бақылаушы болып жұмыс істеймін деп таныстырған. Мемлекеттік тестілеуден өту, эссе дайындау сияқты қызметтерге жеке-жеке төлем алып, алайда сынақ уақытында көмектеспей, бой тасалаған" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді