Алматыдағы адам өліміне себеп болған автобус апатына қатысты іс сотқа жолданды

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы №98 және №201 автобустары апаты бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі А. күдікті деп танылды және оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады.

"2023 жылғы 7 ақпанда қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі А., ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, автобус апаты 2022 жылғы 8 қарашада Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің  қиылысында болған. №98 және №201 автобустары соқтығысып, салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті, олардың арасында 2013 жылы туған бала да бар. Бір адам мерт болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз