Алматы облысының тұрғыны өзін полицейлер ұрлап әкетіп, қинағанына шағымданды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Жетіген ауылы азаматының өзін ағасымен бірге Алматы облысы ПД қызметкерлері ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, қинап 2 млн теңге бопсалағанын айтқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам видеода ақшаны алған соң ол адамдар өздерін жібере салғанын айтады.

Алматы облысы ПД желідегі аталған видеоға қатысты түсінік берді.


"Видео авторының шағымы бойынша облыстық ПД қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері барлық тергеуге қажетті іс-шараларын жүргізуде. Шағымданушының дәлелдері расталса, кінәлі лауазымды адамдарға қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады", - деді полициядағылар.

Сонымен қатар, ПД көрінеу жалған ақпарат жасаған және жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да ескертеді.

Тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды