Оралдағы жантүршігерлік жол апаты: жүргізуші мас болған

Сурет: видео скрині
Оралда алкоголь ішкен жүргізушінің кесірінен бір адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 5 ақпан сағат 02:30 шамасында болған. Оралдағы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін мінген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Audi автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota жүргізушісі мен көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілген.


9 ақпан күнгі сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, адам өліміне әкеп соқтырған жол көлік оқиғасы кезінде Toyota жүргізушіcі мас болған. Қандағы алкоголь мөлшері 1,34 промиллені болған. Азамат күдікті ретінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының негізінде ұсталды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 3-бөлімінде ("Мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзу адамның өліміне әкеп соқтыру") қайта сараланды.


Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін