БҚО-да қос барымташы ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
16 ақпанда Орал қаласы маңынан 6 мал ұрлығы фактісіне қатысы бар деп күдікке ілінген қос барымташы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 ақпанда сағат 06:00 уақыт шамасында Орал қаласына жақын орналасқан Серебряков ауылы маңында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде осы өңірдегі бірқатар ауыр қылмысқа қатысты 1990 және 1987 жылы туған екі азамат ұсталды.

"Олардың автокөліктерінің салонын тексеру кезінде 16 ақпанға қараған түні Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрланған ірі қара малдың еті, балта, арқан және үш пышақ табылды.Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында 2022-2023 жылдары бұрын жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.




Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі