Ақтөбеде полицей атын жамылған жігіт жасөспірімнен ақша бопсалаған

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде жалған полиция қызметкері жасөспірімнен суық қару сатқаны үшін ақша бопсалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 жасар жігіт кастет тауып алып, оны сатуға бел буып, ВКонтакте желісінде хабарландыру жариялаған. Оған сатып алушы жауап беріп, кездесу ұсынған.
"Кездесуде сатып алушы өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, суық қаруды саудалағаны үшін ақша бопсалауға кіріскен. Қорқып кеткен жас жігіт ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, алаяққа 133 000 теңге берген", – делінген хабарламада.

Полицейлер 22 жастағы күдіктіні ұстады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады