Оралда супермаркеттер мен дүкендерден шоколад ұрлайтындар жиілеген

Cурет: pixabay
Оралда кейінгі кезде супермаркеттер мен дүкендерден шоколад ұрлау фактілері жиілеген. Тәттілерді орта жастағы тұрғындар ұрлап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ұрлағандар жауап алу кезінде "Мерси" шоколадының қорабы жіңішке, сол себепті салып алуға ыңғайлы деп жауап берген.
"32 жасар тұрғын қаладағы супермаркеттен алты дана "Мерси" шоколадын алып шықса, сол күні кешке сол супермаркеттен 40 жасар азамат тағы сол шоколадты ұрлайды. Тағы екі күннен кейін, 36 жастағы әйел басқа дүкеннен осындай шоколадтың төртеуін қолды қылған. Ал 10 ақпанда 1976 жылғы тұрғын "Мерси" шоколадының 3 данасын білдіртпей ұрлап кеткен. Сонымен бірге 42 жасар ер адам супермаркетте сөредегі құны 6 816 теңге тұратын Ballantines маркілі вискиді қолтығына салып алып шығып кеткен". Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті
Күдіктілерден ұрланған заттар тәркіленбеген, алайда бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Орал полиция басқармасы қызметкерлері күдіктілерді анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев