Астанада мерейтойын жасағысы келген әйелді мейрамхана әкімшісі алдаған

Сурет: pixabay
Мейрамхана әкімшісі мерейтой жасамақ болған астаналықты алдады. Әйел Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан қала мейрамханаларының біріне өзінің мерейтойын тойлауға залды брондау үшін келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, мекеме әкімшісімен сөйлесіп, ол оған 70 мың теңге көлемінде депозит берген.

Қосымша келіссөздер үшін белгіленген күні әйел мейрамханаға келіп, әкімшінің жоғалып кеткенін және бір аптадан астам уақыт жұмыста болмағанын білген. Телефон қоңырауларына жауап бермеген. Үмітін үзген әйел полицияға жүгінген.

Сол күні "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сарыарқа ауданының полиция басқармасы КПБ жедел уәкілі Ерасыл Адылхан бір тәулік ішінде қаскүнемді анықтап, полицияға жеткізді. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін берді және ақшаны қайтарып берді. Әйел алғысын бейнажазба арқылы жеткізді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады