БҚО-да полицейлер қылмысты топты құрықтап, ақбөкеннің 2 мыңнан астам мүйізін тәркіледі

Сурет: wikimedia
БҚО-да жүргізілген арнайы іс-шара барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ПД ҰҚҚК басқармасының және ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қалалық ПБ-ға жеткізілді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды