Алматыда такси жүргізушісін өлтіргендер 8 жылдан кейін ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанды оқиға 2015 жылы наурыз айында орын алған. Жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті Алматының Түрксіб ауданында табылған болатын.

Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.

"Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Айтпақшы, үш еркекті қызықтырғаны сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасағанымен, көлікті иелік ете алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды". Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов

Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы +50 градусқа дейін көтеріледі

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады