Қосшы тұрғыны көршісінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының полицейлер көршісінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қосшы тұрғыны бір жыл бойы 20 миллион теңге көлемінде ақша жинап, оны жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні оның өзі де, отбасының басқа мүшесі де үйде болмаған. Ал күдікті үйге есікті бұзбай, кілтпен кірген.

"Ұрлық фактісін полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды