Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару мен 500-ден астам патрон тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысы полиция қызметкерлері төрт тәулік ішінде 244 рейдтік іс-шара өткізіп, 200 шаруа қожалығын тексерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 21 қару мен 553 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық алынған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 670 қару иесін тексерді, қаруды сақтау, алып жүру ережелері және оны қайта тіркеу тәртібі бұзылған 42 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сақтау ережелерін бұзған қару иелерінен ішкі істер органдарында тіркелген 31 қару тәркіленді.

Жамбыл облысының полиция департаменті атыс және суық қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтын азаматтарға оларды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына, яғни учаскелік полиция инспекторына, кезекші бөлімге және басқа да бөлімшелерге тапсыруды ескертеді.Polisia.kz
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады