Елімізде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 9 213 жағдай тіркелді

Оның ішінде 5 113-і шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзушылықтарын анықтауға бағытталған "Мигрант" операциясын қорытындылады. Операция барысында полиция шетелдіктер көп тұратын жерлерді, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді.

"Операцияның 8 күнінде 9 мыңнан астам (9 213) көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 5 мыңы (5 113) шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты. Айта кету керек, кейде пайда табу үшін жұмыс берушілер шетелдіктердің заңсыз еңбегінарнайы рұқсат құжаттарын алмай пайдаланады, осылайша азаматтарымызды еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады". ҚР ІІМ

Елімізде шетелдіктердің аңсыз еңбек қызметіне қатысты 3 мыңға жуық (2 741) факті анықталды, 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Алматы және Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Сонымен қатар Алматы мен Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында бірнеше рет заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер белгілі болды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өздеріне келген шетелдіктер туралы полицияға уақытылы хабарламағаны үшін 3 631 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы соттардың 674 шешімі шығарылды. Барлық шығарылған адамдарға Қазақстанға кіру 5 жылға тыйым салынды. Азаматтығы бар елде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 22 шетелдік ұсталды.

Рейдтер кезінде:


"Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ заңсыз иммигранттарға баспана берген адамдарға қатысты да тергеу жүргізіледі."ІІМ

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: