Блогер желіде қаралым жинау үшін ескі зираттағы табытты ашып, бас-сүйекті сүйген

Сурет: pixabay
Қытайдың Ляонин провинциясында блогер ескі зираттағы табыттарды ашып, ондағы сүйектерді қопарып, тіпті желідегі трансляция қаралымын арттыру үшін кісінің бас-сүйегінен сүйіп те алады. Бұл үшін ол шартты түрде жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 жастағы Чен екі досымен бірге Гуйчжоу провинциясындағы қасиетті мекен - хмонгтардың (тайпа-ру) зиратына бару үшін 2 мың шақырым жолды артқа тастайды, деп хабарлайды South China Morning Post.

Онлайн трансляциядан мол ақша табуды күйттеген Чен қабірлер орналасқан үңгірге кіріп, үш табытты ашады. Олардың бірінің қаңқасымен Чен камераға түседі. Кейін ол полицияға берген түсініктемесінде қаңқаның бас-сүйегін сүйгенін айтқан. Блогер мұның барлығын Anmo видео платформасында тікелей эфирден көрсеткен. 

Жергілікті тұрғындар түнде ер адамды ұстап алды. Блогерді жазалау полицияның ойында болмаған, бірақ прокурорлар Ченді қудалауды талап етті. Кейін Чен үңгірде жерленген адамдардың ұрпақтарынан кешірім сұрады.

Сот оған 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мин империясына жататын үңгірдегі зират (1368-1644) зерттеудің қажет ететін тарихи орын болып саналады, Сондықтан ол жергілікті биліктің қорғауына жатады. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді