Тағылымдамадан өтуші жас жалған келісімшарттар жасап, 600 мың теңгені заңсыз иеленген

Сурет: senate.parlam.kz
Қарағандыда ЖШС-лардың бірінде тағылымдамадан өтуші жас жалған келісімшарттар жасап келген. Оның заңсыз иеленген ақшасының жалпы сомасы 600 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінің басшылығынан арыз түсті. Белгілі болғандай, серіктестік косметикалық тауарлар сатумен айналысқан. Белгісіз біреу серіктестік туралы ақпаратты қолдана отырып, жалған келісімшарт жасап, 600 мың теңге ақшаны қолды қылған.


"Криминалдық полиция қызметкерлерімен “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен, сол серіктестікте тағылымдамадан өтіп жатқан 33 жастағы азамат ұсталды. Ол жасағанын мойындады". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді