Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, переезд, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 18:11 Фото: freepik
Шымкент әуежайында жолаушы әйелдің сөмкесінен аңшылық қаруға арналған патрон табылды. Әйел патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның қайдан пайда болғанын білмейтінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қарады. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігі бойынша патронды заңсыз сақтады деген айып тағылған.

2026 жылдың тамызында әйел Шымкент әуежайынан Жезқазғанға ұшпақ болған. Тексеру кезінде қызметкерлер оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруына арналған 12 калибрлі патрон тапқан.

Сотта әйел кінәсін мойындады. Ол патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді.

Қазақстандық әйелдің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және криминалистикалық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді. Зерттеу нәтижесінде патронның зауытта жасалғаны және атуға жарамды екені анықталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жаза тағайындау кезінде сот әйелдің кінәсін мойындап, өкінгенін, сондай-ақ құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмағанын ескерді. Нәтижесінде айыппұл көлемі 30%-ға қысқартылды.

Сот қаулысымен О. есімді азамат кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге айыппұл салынды. Ал тәркіленген патрон жойылуға тиіс.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: