Алматының 20-22 жастағы тұрғындары жалға алған үйді есірткі қоймасына айналдырған

Сурет: polisia.kz
Алматыда "синтетиканы" даярлап, сатқан азаматтар ұсталды, Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлердің алдын ала мәліметі бойынша, бірге тұратын 20 жастағы А. есімді және 22 жастағы К. есімді тұрғындары жалға алған үйде есірткі заттарын дайындайтын, өңдейтін және буып-түйетін қойма ұйымдастырған.

"Жедел іс-шараларды жүргізу барысында К. есімді азамат мінген автокөлік тоқтатылды. Тінту нәтижесінде скотчпен оралған бума табылды және тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 1,5 келі болатын ақшыл түсті заты бар үш вакуумдық байлам болды. Күдікті қойма жұмысшысы екенін, оның міндетіне есірткінің ірі партиясын Алматы облысының аумағына орналастыру арқылы қабылдау кіретінін айтты. Болжам бойынша, ер адам Алматыда есірткі қойып кетіп жүрген. Бұл жұмысы үшін К. есімді азамат апта сайын куратордан төлем алып отырған. Сонымен қатар күдікті жалға алынған тұрғын үйде синтетикалық есірткі заттарын өндіру цехын ұйымдастырған. Ол жерден арнайы құрылғылар мен шикізат тәркіленді". Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов


Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді