Алматыда суицидтің алдын алған полицейлерге қол сағат тарту етілді

Сурет: Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі
Алматы қалалық прокуратурасында суицидтің алдын алған полицейлерге қол сағат сыйға тарту етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 наурыз Алматы қаласы Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов азаматтың өзіне-өзі қолжұмсау әрекетінің алдын алды.

"Ер адам жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауына қолымен ілініп тұрған. Жол қозғалысын тоқтатқан полицейлер жүк көлігін ер адамның астына әкеліп қойды".

Осы әрекеттер арқылы адамның өмірін сақтап, қайғылы оқиғаны болдырмаудың мүмкіндігі туды.

10 наурызда Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев, адамды құтқару бойынша жедел және үйлесімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін, инспекторларға алғысын білдіріп, оларды атаулы қол сағаттарымен марапаттады.


Сурет: Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі