Алматыда 21 және 22 наурызда көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Наурыз мейрамына орай 21 және 22 наурызда қала аумағында түрлі ауқынды салтанатты іс-шаралар жоспарланған. Осыған байланысты Желтоқсан, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің бойымен Гоголь көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Төле би даңғылы бойымен Желтоқсаннан Назарбаевқа дейін ("Астана" алаңында) жол қозғалысы жабылады.

Алматы полициясы осы аумақтарда көлік тұрағы шектелетінін мәлімдеді.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке күндері көлік кептелісі мен жайсыз көңіл-күйді болдырмау үшін Алматы полициясы азаматтарды бұл шараларға түсіністікпен қарап, алдын ала қозғалыс бағыттарын реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады".  Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылуына қатысты