Ақмола облысының полиция департаментінде алғаш рет тұсаукесер рәсімі өтті

Сурет: видео скрині
Ақмола облысының полиция департаментінде алғаш рет тұсаукесер рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция полковнигі анықтау басқармасының бастығы Қанат Рыспаев пен оның жұбайы учаскелік полиция инспекторы подполковник Анар Рыспаеваға Наурыз мейрамы биыл ерекше. Көктемнің басты мерекесі қарсаңында полицейлердің қызы - бір жасар Мәрияммен қазақтың ежелгі тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Тұсауын кесу құрметі Департаменттің бірінші басшысы генерал-майор Думан Таевқа берілді. 

Бүкіл іс-шара шашу рәсімімен жүрді.

Наурыз мейрамы мерекесіне орай қалыптасқан дәстүр бойынша ведомстволық мұражайда киіз үй түріндегі арнайы бұрыш безендіріліп, дастархан жайылып, іс–шара қонақтары наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған