Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

Сурет: Facebook/mikhail.kozachkov
Кейбір БАҚ-тарда журналист Михаил Козачковты шартты түрде 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михаил Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок бұл ақпаратты растады.

"Расында, Алматы гарнизонының әскери сотының үкімімен Михаил Козачков кінәлі деп танылып, шартты мерзімге сотталды. Ол қылмыстық кодекстің 147 және 274-баптары бойынша сотталды. Журналистік зерттеулерді дайындау кезіндегі кәсіби қателіктері үшін деп те айтуға болады". Михаил Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок

Бірақ, ол Қаржылық мониторингі агенттігінің тергеу-жедел тобы Козачковтың Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін, рейдерлікке қолғабыс ету айыптары алынып тасталғанын анықтағанын да нақтылады. Сондықтан Козачковқа қатысты 249 және 262-баптар бойынша қылмыстық іс оңалту негіздері бойынша тоқтатылған.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды