Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі тарихымызға мәңгі жазылды - Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz
Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда КОКП ОК Бас хатшысы Михаил Горбачевтің Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатуы және оның орнына Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген Ульянов обкомының бірінші хатшысы Геннадий Колбинді әкелуі туралы шешіміне байланысты толқулар басталды. Жиналғандар ел басшысы лауазымына байырғы халықтың өкілін тағайындауды талап етті. Митинг жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

Бұл толқулар тарихта Декабрь немесе Желтоқсан оқиғасы ретінде қалды.

Тәуелсіздікке 30 жыл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты