Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы бейнебайланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер және Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады.

Ақорда хабарлағандай, Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған белсенді шаралары туралы баяндалды. Адамдар мен көліктерді тексеру, сондай-ақ стратегиялық нысандарға бақылау орнатуды жүзеге асыру мақсатымен елді мекендердің аумағына 93 блокбекет қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа заң талаптарына бағынбау және аса маңызды әрі стратегиялық нысандарға шабуыл жасау фактілерінің қатаң түрде жолы кесілгені жөнінде мәлімет берілді. Алматыда «Барлық» және «Алтын Орда» базарларын тазарту барысында 207 адам ұсталды. Олардан ұрланған 5 автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер, қалқандар тәркіленді.Ақорда

Сурет: Ақорда

Елордада алдын алу шаралары жүргізілуде. Оның барысында аулалар мен пәтерлердің тыныштығы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ тәулік бойы автопатруль күзетеді. Жалпы еліміз бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды.

Мемлекет басшысына негізгі күш-жігердің қазіргі уақытта террористердің мекенжайын анықтап, ұстау жөніндегі шұғыл шараларға бағытталып отырғаны баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру ісін жалғастыра беруді, сондай-ақ аталған жұмыстар бойынша ақпараттық қолдау көрсетуді күшейтуге тапсырма берді.

Сурет: Ақорда

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз