Тоқаев Алматы қалалық ПД-ның Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығында болды

Сурет: Ақорда
Президент Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Шұғыл әрекет ету орталығында қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналып, оларға талдау жасалады және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Президентке қаладағы террористік акті кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны  жөнінде баяндалды.

Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіру тапсырылды. Қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық бейне камера бақылайтын болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі