Адамдардың қазасына қатысты әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру қажет - Тоқаев

Сурет: Ақорда
Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды, – деді Мемлекет басшысы жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен кеңесте, деп хабарлайды Zakon.kz

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда  жазаны жеңілдету жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді.

Берілген мәліметтер бойынша әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат саласындағы күштік құрылымдар мен өкілетті органдар күш-жігерлерін үйлестіріп, жұртшылық тарапынан түсетін сауалдарға жедел жауап беруі тиіс екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы тұрғындардың қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруі тиіс. Мемлекет басшысы

Президент Әкімшілігінің басшылығына аталған мәселені бақылауға алу тапсырылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды