ОА мен Үндістанның тауар айналым көлемі біздің әлеуетімізге сай келмейді - Тоқаев

Сурет: Ақорда
Орталық Азия елдері мен Үндістанның арасындағы тауар айналым көлемі 3 млрд долларға жетті, бірақ бұл көрсеткіштер әлі де біздің экономикалық әлеуетімізге сәйкес келмейді, - деді "Орталық Азия-Үндістан" саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Zakon.kz
Саммит біздің елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында өтіп отыруы, жақсы нышан. Біздің ауқымды азиялық өңір зор ресурстарға және үлкен зияткерлік әлеуетке ие. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, бұл аймақта маңызды көлік дәліздері мен жылдам дамып келе жатқан нарықтар шоғырланған. Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай өсті. Инвестициялар мен капиталды тартудың жаңа жаһандық орталығына айналып барады.

Президент осының барлығы өз кезегінде біздің елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда қолайлы мүмкіндіктерді іске асыру үшін үлкен перспективалар ашатынын айтты.

Ең алдымен, бұл саудаға қатысты. Орталық Азия елдері мен Үндістанның арасындағы тауар айналым 2020 жылы 3 млрд долларға жетті. Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ды құрады. Алайда ағымдағы көрсеткіштер біздің жиынтық экономикалық әлеуетімізге әлі де сай келмейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Орталық Азия – Үндістан" саммиті сияқты диалог алаңдарының жұмысы мемлекеттердің үдемелі дамуы, сондай-ақ жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге тиімді жауаптар әзірлеу үшін практикалық тұрғыда пайдалы екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты